
Бүгін Астанада жаңадан сайланған Құрылтай депутаттарының алғашқы сессиясы өтіп жатыр.
Отырыстың алғашқы бөлігінде депутаттар Қазақстан халқына және Конституцияға адал қызмет етуге ант беруді бастады.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деп жазылған ант мәтінінде.
Ант беру рәсімі шамамен 3 сағатқа созылады.



