Әлем
Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында 99,85 пайыз дауыспен жеңіске

Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында рекордтық көрсеткішпен жеңіске жетті. Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, барлық хаттама өңделгеннен кейін Қадыров 99,85% дауыс жинаған.
Сайлауға үш кандидат қатысты
Шешенстан басшысы сайлауы 18-20 қыркүйек аралығында өтті. Қадыровпен бірге бұл қызметке «Әділетті Ресей» партиясының өкілі Исмаил Денильханов пен Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының кандидаты Халид Накаев таласты. Соңғы есеп бойынша Қадыровқа сайлаушылардың басым бөлігі дауыс берген.



