Спорт
Тренд

20 тәулікке қамалған Елеусінов бостандыққа шықты

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулік әкімшілік қамаудан босап шықты.

tengrinews.kz сайтының жазуынша, спортшыны кеше кешкісін әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнының қақпасы алдында жары мен достары күтіп алған.

«Оқиғаға қатысты айтар болсам… болары болды, өздеріңіз көрдіңіздер. Бұған қатты өкінемін», — деп пікір білдірген тілші сұрағына.

Естеріңізде болса, Данияр Елеусінов 9 шілде күні жол-көлік оқиғасынан кейін ұсталған еді. Кейін сот оны көлікті мас күйінде басқарғаны үшін кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button