Спорт
Тренд

Ақтөбеде 35 мың көрерменге арналған жаңа стадион салынады

Ақтөбеде 35 мың көрерменге арналған жаңа стадион салынады.

Арена 35 мың көрерменге есептелген және УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай жобаланған.

Жоба бойынша жалпы аумағы 80 мың шаршы метрден асатын бес қабатты спорт кешені салынады. Мұнда футбол алаңы мен трибуналардан бөлек, командалар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған қажетті инфрақұрылым қарастырылады.

Осы мақсатта Үкімет резервінен Ақтөбеде жаңа футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлініп отыр. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың футболды дамыту және өңірлердегі спорт инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Құрылыс үш кезеңмен жүргізіледі. Үкімет бөлген 6,5 млрд теңге биыл басталған бірінші кезеңге жұмсалады. Стадионды 2028 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қазіргі Ақтөбе орталық стадионы 1975 жылы салынған және шамамен 13 мың көрерменге арналған. Ал «Ақтөбе» футбол клубының матчтарын тамашалауға ниетті жанкүйерлер саны кейде стадион сыйымдылығынан үш есе көп болады.

Жаңа арена халықаралық деңгейдегі футбол матчтарын, сондай-ақ ірі спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button