Қоғам
Тренд

Мәслихат төрағасы диналыс үстінде электронды темекі шеккен

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы жұмыс барысындағы онлайн-жиналыс кезінде электронды темекі пайдаланған бейнежазба жарияланғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жазба әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда Қанат Саққұлақовтың онлайн-отырыс кезінде қызметтік кабинетінде  электронды темекі (вейп) тартып отырғаны анық көрінеді.
Видео тез арада тарап, полицияның назарына ілікті. Аудандық тәртіп сақшылары дереу тексеру жүргізіп, депутатқа ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша (тыйым салынған орында темекі тарту) әкімшілік айыппұл салды.
Мәслихат аппаратының басшысы Қаныбек Төлеуов те бұл ақпаратты растап, қызметі мен лауазымына қарамастан заңның бәріне бірдей екенін атап өтті.

 

Қарағанды облыстық полиция департаментінде бейнежазбада аудандық мәслихат төрағасы бейнеленгенін растады. Тексеру нәтижесі бойынша оған айыппұл салынды.

Полицияда атқаратын лауазымы мен қоғамдық мәртебесі азаматтарды заңды сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button