Оқиға

Көк кит ойыны арқылы тарсырма алған: Зайсанда жасөспірім әйелді балталап өлтірді

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында 15 жастағы жасөспірім мүгедектігі бар әйелді балталап өлтірді деген ақпарат тарады. Полиция адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жазылды. Пост авторының сөзіне қарағанда қылмысты 9-сыныпта оқитын 15 жастағы бала жасаған. Ол көшедегі әйелді базардан бастап аңдып барған. Содан кейін кіреберісте оның басына балта қадап өлтіргені айтылады. Бұл әрекет 7 минутқа созылған.

Желідегі ақпарат бойынша оқушы «Синий кит» ойынын ойнаған. Оған алдымен мұғалімді өлтіру туралы тапсырма берілген. Бірақ ол бұдан бас тартып, орнына өмірде қиналып жүрген мүгедектігі бар адамды таңдаған көрінеді. Қылмысты өтіп бара жатқан көліктегі адам байқап қалған. Сонымен қатар оқиға бейнекамераға түсіп қалғаны жазылған. Қазір сот отырысы күтіліп отыр. Бірақ жасөспірім психикалық ауруы бар деген «сары қағаз» жаздырып алғаны айтылады. Ата-аналар бұл жағдайды мектептегі жиналыс кезінде бір-ақ білген.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша Зайсан аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, істің мән-жайын толық, жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу және процестік әрекеттер жүргізілуде.

Департамент Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын түсіндірді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button