Сараптама
«Ресей ядролық батырмаға қол созған сәтте-ақ, 30 минутта жер бетінен жойылады» — саясаткер
АҚШ пен НАТО-ның ядролық тежеу доктринасы өте-мөте қатал. Егер ядролық қауіп төнсе, жауап санаулы секундтарда-ақ беріледі.

Ресей ядролық батырмаға қол созған сәтте-ақ, 30 минутта жер бетінен жойылады.
Желіде саясаткер Константин Боровойдың «Ресей ядролық батырмаға қол созған сәтте-ақ, 30 минутта жер бетінен жойылады» деген сөзі қызу талқыланып жатыр.
Әдеттегідей саясаткердің бұл сөзі «Ресей жеңілмейді, ядролық қаруымен күллі әлемді әп-сәтте әлемді күл қыла салады» деп жүрген кейбір қазақтардың шамына тиіп жатыр екен.
Бірақ, шындық солай болып тұр, өкінішке орай
«Қызыл батырма» бір адамның айтқанымен басылмайды
Біздің орыссүйгіш қазақтар Кремль батырманы басса, зымырандар бірден ұша жөнеледі деп ойлайды. Жоқ, бұл ұзақ әрі күрделі бұйрықтар тізбегінен тұрады. Ол тізбектің ішінде өз өмірін, бала-шағасының болашағын ойлайтын, өзін құрбан қылғысы келмейтін саналы генералы, офицері бар. Бұйрық орындалмай-ақ, сол жерден тоқтайды.
Тағы бір айта кетерлігі, Ресей элитасының бала-шағасы батыс елдерінде тұрады. Олар капиталды Батыста сақтайды.
Батыстың барлау қызметі бәрін 24/7 көріп отыр
Ядролық қару — қалтаға салып жүретін ойыншық емес. Зымырандарды дайындау, шахталарды ашу, жанармай құю, ауыстыру, жаңарту секілді үнемі қайталанып тұратын жұмыстарды АҚШ пен НАТО спутниктері секунд сайын бақылап тұр. Ешқандай «тұтқиылдан соққы» болмайды. Қаруды қозғалтқан сәтте-ақ Батыс оның қайда бағытталғанын біліп үлгіреді.
Батыс зымыранның ұшып келгенін күтіп отырмайды. Боровой айтқан «30 минут» осыны меңзейді. Егер ядролық қаруды қолдану қаупі 100 пайыз анықталса, НАТО-ның заманауи жоғары дәлдіктегі конвенциялық (ядролық емес) қарулары Кремльді, бункерлерді және барлық әскери басқару орталықтарын санаулы минутта күл-талқан етеді.
Себебі, АҚШ пен НАТО-ның ядролық тежеу доктринасы өте-мөте қатал. Егер ядролық қауіп төнсе, жауап санаулы секундтарда-ақ беріледі.
Ресейдің «Аналогнет» жүйесі туралы миф баяғыда-ақ күл-талқан болған
Украинадағы соғыс басталғалы бері Ресейдің «ұшатын, кез келген нысында тесіп өтетін» зымырандары («Кинжал») Батыстың ескірген Patriot жүйелерінен өте алмай, құлап жатыр. Бұл АҚШ пен НАТО-ның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі (PRO) әлдеқайда қуатты және технологиялық тұрғыдан алда екенін көрсетті. Қазіргі уақытта Ресейдің зымыран жүйесіне батысты сексенінші жылдары шыққан ескі буыны төтеп беріп тұр.
Яғни Путиннің ядролық бопсасы амал жоқтық болып отыр. Ол әлсіздің айқайы, шарасыздықтың белгісі болып отыр. Ресейдің элитасы да, олардың насихатшылары да өздерінің миллиардтарын, шетелдегі виллаларын тәркілетіп, өздерін «радиациялық тозаққа» айдағысы келмейді.
Блогерлер қанша жерден «Ресей — ұлы держава» деп зарласа да, шындық біреу ғана. Ядролық қаруды қолдану әрекеті — Ресейдің мемлекет ретінде сол сәтте-ақ жоқ болуына алып келеді.
Журналист Бүркіт Нұрасылдың facebook парақшасынан



