Сараптама
Тренд

Путин 2026 жылы тақтан құлайды

20 жыл бұрынғы «көріпкелдік» орыс қоғамын расында да ойландырып тастаған сыңайлы.

«Коммерсантъ» журналының 2026 жылдың 19 шілдесіне арналған болжамы Ресей қоғамында үлкен дүмпу тудырып жатыр. Нақты айтар болса, 2007 жылы ресейлік «Коммерсант» басылымы  Владимир Путиннің 2026 жылдың 19 шілдесінде биліктен кететінін әлде өмірден өтетінін болжаған, деп хабарлайды tiek.kz.

Басылым сараптамалық эксперимент жүргізіп, қолжетімді статистикалық мәліметтерді, тарихи заңдылықтарды және билік транзитінің модельдерін арнайы есептеу алгоритміне енгізген. Бағдарлама Путиннің биліктен кететін (немесе саяси сахнадан жоғалатын) нақты уақытын анықтауы тиіс болған.

Нәтижесінде компьютер бетіне 2026 жылдың 19 шілдесі деген дата шыққан.

Әрине, ол кезде, мұндай болжам күлкілі дүние еді. Яғни мұнай бағасы шарықтап, Ресей экономикасы гүлденіп тұрған тұста, бұл болжам тым әсіреленген, тіпті күлкілі эпатаж ретінде қабылданды.

Алайда, арада тура жиырма жылға жуық уақыт өткенде, бұл дата кездейсоқтық емес, жүйелі дағдарыстың математикалық нүктесі сияқты көрініп отыр.

2022 жылға дейін Ресей халықаралық аренада өзінің қуатты әскері, ядролық арсеналы және энергетикалық қуаты жағынан біраз елден үстем болды. Саясаттанушылар алдағы 50 жылда ел ішінде немесе оның шекарасында үлкен сілкіністер болуы екіталай деп есептейтін. Алайда, қазіргі геосаяси жағдай бұл түсінікті түбегейлі өзгертті. Сыртқы оқшаулану мен қатал санкциялар режимі елдің ішкі ресурстарын сарқып, «жеңілмейтін жүйе» туралы мифтің күлін көкке ұшырды. Жүйенің сыртқы беделі әлсіреген сайын, ішкі тұрақсыздық қаупі еселеп арта түсті.

Мемлекеттік бюджеттің басым бөлігі қорғаныс саласы мен әскери қажеттіліктерге жұмсалуда. Бұл әлеуметтік саланың, инфрақұрылымның және жоғары технологиялардың дамуын тежеп тастады.

Ішкі нарықтағы өндірістің құлдырауы және жұмыс күшінің тапшылығы (мобилизация мен эмиграция салдарынан) инфляцияны шектен тыс өсіріп жіберді.

Санкциялық құрсауға ұшырап, батыс технологиялары мен қаржы жүйесінен ажырап қалды. Бұл өз кезегінде Ресейді ұзақ мерзімді даму мүмкіндігінен айырды. Тұрақтылықтың негізі болған бұрынғы экономикалық моделдер енді мүлдем жұмыс істемейді.

Саяси элитаның ішкі латентті (жасырын) соғысы Сырттай қарағанда Ресейдегі билік вертикалы мығым әрі біртұтас болып көрінгенімен, оның ішінде терең жарықшақтар пайда болды.

Сарапшылар олигархтар мен «силовиктер» текетіресі басталғанын айтады. Батыстағы активтерінен айырылған және болашағы бұлыңғыр ірі бизнес өкілдері қазіргі бағытқа іштей наразы. Ал билікті қолына алған әскери-шпиондық топтар (силовиктер) бақылауды барынша күшейтуге тырысуда.

Осындай жағдайлар орыс қоғамын расында да ойландырып тастаған сыңайлы. Яғни 20 жыл бұрынғы «әзіл аралас болжам» бүгінде үлкен тарихи өзгерістердің қарсаңындағы үрейлі ескертуге айналып отыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button