Ауылдан хат

Қостанай облысында екі ауылдан бруцеллез анықталды

Қостанай облысында екі ауылдан бруцеллез анықталды. Қазіргі таңда облыстағы Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы және Октябрьское ауылдарында ірі қарадан бруцеллез анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілген.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, мал дәрігерлері тексерген 323 ірі қараның 23-і бруцеллезге шалдыққаны анықталып, ауру таралуына жол бермеу шаралары қабылданған.

«Облыстық ветеринария басқармасы індет ошағын жою жұмыстары, ветеринарлық өңдеу, жануарлар қозғалысын бақылау және тұрақты мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлады. Билік эпизоотиялық жағдайды бақылауда ұстап отырғанын, қазір ауру ошағын толық жою бойынша тиісті шаралар атқарылып жатқанын айтады. Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда биыл өңірдегі бруцеллез жұқтыру көрсеткіші 1,9 пайыздан 0,8 пайызға дейін төмендеген», — деп жазады Азаттық телеграм арнасы.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button