Саясат

«Таза абсурд»: ЖСДП өкілі Ертісбаевтың сөзіне жауап берді

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) съезінде Саяси кеңес мүшесі Ермұхамет Ертісбаев саяси оппоненттерін сынап, кейбір партиялар корпоративтік лоббизммен айналысып, құр даурықпамен жүр деген еді.

ЖСДП төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбай Қазақстан Халық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Ермұхамет Ертісбаевтың сөзіне жауап берді, деп хабарлайды tiek.kz.

Айтуынша, Ертісбаевтың мәлімдемесі абсурд, құр ақталу.

«Ермұхамет Ертісбаев өз сөзінде Фрейд теориясының деңгейінде жаңылысып, негізінен өзін-өзі ақтаумен болды. Негізінде бұл мәселе күн тәртібінде тұрмауы да мүмкін еді, алайда ол бәріне мәлім ақиқаттың бетін өзі-ақ ашып берді. Яғни, бүгінде партияны ірі буржуазия өкілі, орасан зор қаржылық капитал мен активтерді иеленіп отырған азамат басқарып отыр. Бұдан бөлек, ұйымның өңірлік филиалдары мен өзге де құрылымдарында кәсіпкерлер мен буржуазия өкілдерінің басым екені белгілі. Сондықтан мұндай жүйеде қарапайым халықтың, еңбекшілер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүддесі қорғалады деу — абсурд. Бизнес әрқашан тек өз мүддесін, яғни бизнесті ғана қорғайды», — дейді Тазабек Сәмбетбай.

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) съезінде Саяси кеңес мүшесі Ермұхамет Ертісбаев саяси оппоненттерін сынап, кейбір партиялар корпоративтік лоббизммен айналысып, құр даурықпамен жүр деген еді. Ал өздері туралы “олигархтар сатып ала алмайтын партия” деген.

Бұған дейін ЖСДП өкілі өздерін солшыл санап, іс жүзінде ірі бизнес пен олигархтардың мүддесін қорғайтындар қатарынан емес екенін айтқан.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button