Әлем

Қырымда төтенше жағдай жарияланды

Қырымда төтенше жағдай режимі енгізілді.

«Севастопольдің губернаторымен бірлесіп, аймақтық сипаттағы төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылданды» деп мәлімдеді аннексияланған Қырымның басшысы Сергей Аксенов.

Оның сөзінше, төтенше жағдай “барлық саланың тұрақты жұмыс істеуін” ұйымдастыру бойынша “міндеттерді жедел шешуге” жол ашады.

«Жаздан бері Қырымда отын тапшылығы туындап жатыр. Кейінгі күндері украин дрондарының шабуылынан кейін түбектің барлық бөлігінде электр энергиясы да өшіп, жағдайды ушықтырған. Жексенбі күні аннексияланған Қырым билігі жанармай құю бекеттерінде тек мемлекеттік қызметтегі көліктерге ғана бензин құйылатынын айтқан.

Ресейден Қырымға жүретін пойыз да тоқтаған. Ақырғы аялдама – Керчь», — деп жазады Азаттық радиосы телеграм арнасы.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button