Әлем

Түркияның Анталья қаласында құйын соғып, төрт адам көз жұмды

Түркияның Анталья қаласында құйын соғып, төрт адам көз жұмды.

Тағы бір адам жарақат алған. Бұл туралы TRT Haber хабарлады.

Табиғи құбылыс Кепез ауданындағы құрылыс алаңында болған. Сол сәтте екі контейнердің ішінде бес жұмысшы отырған. Қатты жел контейнерлерді қиратып, ішіндегі адамдарды лақтырып жіберген. Екі жұмысшы оқиға орнында көз жұмса, тағы екеуі ауруханада қайтыс болды.

Бесінші жұмысшы жеңіл жарақат алған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button