Мәдениет

Блогер Juzzefina әкесінен 8 жыл зорлық көргенін айтты

Айтуынша, әкесі ұзақ жылдар бойы зорлап келген.

Juzzefina лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева тікелей эфир барысында жеке өміріне қатысты ауыр жан сырын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Эфир кезінде ол таңғы уақытта көрермендеріне әкесімен байланысты болған оқиғалар жөнінде айтқан. Видео желіде тарады. Оның сөзінше, туған әкесі тарапынан ұзақ жылдарға созылған зорлық көргенін айтып, бұл туралы арыз түсіретінін жеткізген.

Бұл мәлімдемеден кейін әлеуметтік желіде түрлі пікірлер тарады. Кейбір қолданушылар мұндай ауыр тақырыпты көпшілік алдында жариялауды дұрыс көрмесе, енді бір бөлігі блогерге қолдау білдіріп, жағдайдың өте ауыр екенін жазған.

Желіде «Сұмдық жағдай», «Психологиялық тұрғыдан өте ауыр жарақат», «Сену қиын» деген мазмұндағы пікірлер де көптеп жазылды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button