Ресми! AMANAT Әділетке қосылды
Съез делегаттары AMANAT партиясының «ӘДІЛЕТКЕ» қосылуын бірауыздан қолдады

«ӘДІЛЕТ» партиясының II съезінде Әділет» партиясының мүшелері AMANAT қосылуын қолдады, деп хабарлады tiek.kz.
Есеп комиссиясының мәліметінше, ұсынылған шешімді съезд делегаттары бірауыздан қолдап дауыс берген. Қарсы дауыс бергендер мен қалыс қалғандар болған жоқ.
Шешім қабылданды. AMANAT саяси партиясы «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылды. Бұл – еліміздің саяси өміріндегі тарихи сәт, – деп жарияланды съезд барысында.
Осылайша, съезге қатысушы 613 делегат бірауыздан қолдап, екі саяси ұйымның бірігу процесі ресми түрде мақұлданды.
«ӘДІЛЕТ» партиясының төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, партиясының қосылуы партиялық мүддеден жоғары тұрған ұлттық жауапкершілікке негізделген шешім.
«ӘДІЛЕТ» партиясына AMANAT-тың қосылуы – партиялық мүддеден жоғары тұрған ұлттық жауапкершілікке негізделген парасатты шешім. Бұл – қоғам игілігі үшін біріге алатынымыздың нақты дәлелі», — деді ол.



