Перуашев Ақжолдың төрағалығынан кетті
Бұған дейін ол партия төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Ақжол партиясының төрағасы ауысты. Дәния Еспаева Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының жаңа төрайымы болып тағайындалды. Бұл шешім Астанада өткен кезектен тыс партия съезінде қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Делегаттардың көпшілігі Дәния Еспаеваның үміткерлігін қолдап дауыс берді. Ол бұл қызметте бұған дейін съезд барысында өкілеттігін тоқтатқан Азат Перуашевты алмастырады.
Перуашев Еспаеваның кандидатурасын ұсынып, оны «Ақ жолдың жарқын жұлдызы» деп атады. Бұған дейін ол партия төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Дәния Еспаева Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған саяси партияны басқарып отырған алғашқы және жалғыз әйел атанды. 2019 жылы ол Қазақстан тарихында алғаш рет президенттікке үміткер болған әйел ретінде де елге танылған еді.



