«Биліктегі ағам елден қуды»: Бибісара Асаубаева не үшін Ресейге кеткенін ашып айтты

Шахматшы Бибісара Асаубаева спорттық азаматтығын ауыстыруының нақты себебін ашық айтып, қазақ тілі туралы тосын пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Асаубаеваның айтуынша, спорттық азаматтықты ауыстыруына қаламақының аздығы емес, туыс ағасы түрткі болған. Ол кезде әлгі ағасы Президент әкімшілігінде жұмыс істеп, Бибісараның спорттық, тұлғалық дамуына тосқауыл қойған көрінеді.
«Мен Ресей атынан 12-15 жас аралығымда ғана өнер көрсеттім. Қазақстанға 2019 жылы, Қаңтарға дейін, үлкен жарыстарға қатыса бастағанға дейін оралдым. Ресейге кетуімнің түпкі себебі ақша емес еді. Туған ағам мансапты қызметте болып, жолыма бөгет жасады. Ол қызметінен кеткен соң ғана елге оралдық. Бұл жайында ашық айтсақ та, кейбір адамдар мән-жайды толық түсінбей, ақымақтар секілді орынсыз пікір айтты», – дейді ол.
Шахматшы қыз қазақ тілін үйрену мәселесіне де тоқталған екен.
«Желтоқсанда үйде тек 12-15 күн ғана болдым. Дегенмен, осы қысқа мерзімде де қазақ тілін үйренуге тырыстым. Алайда қоғамдағы сын мен негативті пікірлер әркез жігерімді құм етеді», – деп жазды Асаубаева.
Мырзабосынов? Сөзінің соңында Бибісара министрлікке де сын айтып үлгеріпті.
«Спорт министрлігі шахматтың маңыздылығын мойындай алмай, желідегі парақшама боттар жіберуден басқаға шамасы келмесе, онда ондай министрліктің құны көк тиын», – деді шахматшы.
Бұған дейін шахматшы айлық жалақысының әжептәуір қысқарғанын айтып, президент Тоқаевқа шағым жолдаған еді.
Бұған лезде жауып қатқан Ербол Мырзабосынов Асаубаеваны «асырауға» биылдың өзінде 100 млн теңгеге жұмсалғанын айтқан. Ал қазақтілді қауым Бибісараға жеке-дара демеуші іздеуі керектігін әрі мемлекеттік тілді үйренетін жасқа жеткенін еске салуда.
«Қазақша бірауыз сөз білмейді. Қазақстанда тұрмайды. Командалас қазақ қыздарымен басы піспейді. Бірақ Қазақстанның ақшасын жақсы көреді. Коммерциялық турнирлердегі жеңісін бұлдамасыншы, шахмат олимпиадалық спорт емес. Бір өзі бір федерацияның ақшасын алып отыр», — дейді осы тұста танымал спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы



