Ауылдан хат
Тренд

«Малға жұғып жатыр»: Қарағандыда киіктен ауру тарап жатқаны рас па?

Тұрғындардың айтуынша, соңғы уақытта ауыл маңында ауру белгілері байқалған киіктер көбейген.

Осыдан бір-екі күн бұрын pikirmedia.kz инстаграм парақшасында далада киік, ауылда мал қырылып жатыр деген ақпарат тараған еді.

Дәлел ретінде Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Баршын ауылы тұрғындары жіберген бейнежазба жариялаған. Бейнежазбадағы көрініс өте ауыр, әлсіреп құлап жатқан киіктер, ауру малдар бейнеленген.

«Бейнекадрлардан ауыл маңына келген киіктердің әлсіреп, құлап жатқанын көруге болады. Тұрғындардың айтуынша, соңғы уақытта ауыл маңында ауру белгілері байқалған киіктер көбейген.

Ауыл тұрғындары бұл жағдайдың жергілікті мал арасында таралып жатқан аурумен байланысты болуы мүмкін екенін алға тартады. Олардың сөзінше, ауылдағы бірқатар ірі қара мал ауырып қалған. Тұрғындар аурудың киіктерден жұғуы мүмкін деген болжам айтып отыр», — деп жазған аталмыш дерек көзі.

Сонымен қатар, тұрғындардың ем-шара мен вакцинацияның ешқандай да нәтиже бермей отырғаны айтылған.

Алайда ауылда мал ауырып, далада киік қырылып жатыр деген ақпаратты жауапты органдар жоққа шығарған. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдерінің айтуынша, киіктен ауру жұғып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

pikirmedia.kz редакциясының құзырлы органдарға жолдаған сауалына Ауыл шаруашылығы министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Ерлан Егінбаев киік қырылып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарған. Айтуынша, сәуір айында арнайы сынама алу үшін санитарлық экспедиция ұйымдастырылған. Экспедиция барысында бір киіктің өлігі табылған. Одан ашқандай да қауіпті ауру белгілері анықталмағанын айқан. Алайда қарамалдың неден ауырып жатқаны жайында мәлімет берілмеген.

«Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Бақытжан Исахаев ақбөкендердің жаппай ауырып,қырылып жатқанын жоққа шығарды», — деп жазған pikirmedia.kz.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от PikirМedia🎙️ (@pikirmedia.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button