Мәдениет

«Камзолым қайтып келді»: Баян Алагөзова «Қыз Жібек» камзолының көшірмесін жасатып жатыр

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы «Қыз Жібектің» камзолының көшірмесін дәлме дәл жасатқанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты

Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөліскен.

Ол бұл істі дизайнер Аида Кауменоваға тапсырған.

«Достар, менің камзолып қайтып келді. Енді бұл толықтай менікі. Дәлме-дәл көшірмесі. Өте үлкен еңбек. Қыз Жібектің толық образын тіктіріп жатырмын. Заманауи киімдермен де үйлеседі. Гүлфайруз апай қалай 100 жыл алдыға ойланған. Біз Аида Кауменова екеуміз осы костюмді шығаруды қолға алып жатырмыз. Ұзатылатын қыздар, келіңіздер. Қазақ аруына 20 данасын шығарамыз. Қыз Жібектен несі кем?», — деді ол.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button