Сәпиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды

Нұркен Нуратов Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, ол бұған дейін Алматы облысының олимпиадалық резервті даярлау орталығын басқарған және спорт саласында тәжірибесі мол маман ретінде ұсынылған.
Министрлік түсіндіргендей, өңірлік спорт басқармалары басшыларына кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау министрлік жанындағы комиссия шешімінен кейін жүзеге асады.
Кейін ол Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі және Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалған.
Бұған дейінгі басшы Серік Сапиев қызметінен орынбасарымен болған жанжалдан кейін кеткен.


