Сайлау - 2026

Түркістан облысы көш бастап тұр: сайлаушылардың 53 пайызы дауыс берді

Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлауға қатысқан азаматтардың үлесі сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 53,86 пайызға жетті.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Өңірлер арасында сайлаушылардың белсенділігі ең жоғары көрсеткішке Түркістан облысында жетті. Мұнда дауыс беруге сайлаушылардың 69,84 пайызы қатысқан. Жетісу облысында бұл көрсеткіш 68,03 пайызды, Қызылорда облысында 67,36 пайызды құрады.

Ақтөбе облысында сайлаушылардың 66,19 пайызы дауыс берсе, Абай облысында – 63,02 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында 61,47 пайыз тіркелді.

Басқа өңірлердегі көрсеткіштер төмендегідей:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 56,58%;
  • Жамбыл облысы – 56,31%;
  • Алматы облысы – 56,25%;
  • Маңғыстау облысы – 56,17%;
  • Павлодар облысы – 55,89%;
  • Қостанай облысы – 54,15%;
  • Қарағанды облысы – 53,42%;
  • Ақмола облысы – 53,16%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 52,27%;
  • Ұлытау облысы – 51,53%;
  • Атырау облысы – 51,17%.

Ал республикалық маңызы бар қалаларда дауыс беру көрсеткіші Астанада 39,91 пайызды, Шымкентте 40,23 пайызды, Алматыда 33,73 пайызды құрады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button