Қоғам
BilimClass платформасына кибершабуыл жасалды

BilimClass платформасы кибершабуыл жасалғанын мәлімдеді.
“Қазіргі біздің басымдығымыз — оқушылар, ата-аналар мен педагогтердің деректерін қорғау. Командамыз қажетті барлық шараны қабылдап, кибершабуылдың платформа жұмысына әсерін анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін BilimClass электрондық жүйесінің жұмысында ақау болған еді. Платформадан бір тоқсан бойы берілген үй тапсырмалары жоғалып кеткен. Сондай-ақ кейбір қолданушылар жүйеге мүлде кіре алмай отырғандарын айтып шағымданған.



