Мәслихат депутаттарының сайлауы: Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мәслихат депутаттарының сайлауындағы дауыс беру барысы туралы кезекті ақпаратты жариялады. Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған алдын ала деректерге сәйкес, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46%-ы өз таңдауын жасаған, деп хабарлайды Tiek.kz.
Көш басында – Жетісу, Түркістан және Қызылорда облыстары
Күндізгі көрсеткіш бойынша еліміздің жеті өңірінде сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді. Белсенділік жөнінен Жетісу (58,35%), Түркістан (56,91%) және Қызылорда (56,38%) облыстары алдыңғы қатарда тұр. Ал республикалық маңызы бар қалаларда дауыс беру қарқыны әзірге салыстырмалы түрде төмен: Алматыда – 25,72%, Шымкентте – 32,74%, Астанада – 33,27%.
Өңірлер бойынша сағат 14:00-дегі дауыс беру көрсеткіштері:
-
Жетісу облысы – 58,35%
-
Түркістан облысы – 56,91%
-
Қызылорда облысы – 56,38%
-
Шығыс Қазақстан облысы – 54,46%
-
Ақтөбе облысы – 54,17%
-
Абай облысы – 51,82%
-
Алматы облысы – 51,36%
-
Ақмола облысы – 49,14%
-
Жамбыл облысы – 48,05%
-
Маңғыстау облысы – 47,51%
-
Павлодар облысы – 46,83%
-
Атырау облысы – 46,71%
-
Қостанай облысы – 46,21%
-
Батыс Қазақстан облысы – 46,12%
-
Қарағанды облысы – 44,76%
-
Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%
-
Ұлытау облысы – 43,63%
-
Астана қаласы – 33,27%
-
Шымкент қаласы – 32,74%
-
Алматы қаласы – 25,72%



