Мәслихат сайлауы: сайлаушылардың 45,46% дауыс берді

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттары сайлауында сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың45,46 % дауыс берді.
Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер:
Астана қаласы – 33,27%
Абай облысы – 51,82%
Ақмола облысы – 49,14%
Ақтөбе облысы – 54,17%
Алматы облысы – 51,36%
Атырау облысы – 46,71%
Батыс Қазақстан облысы – 46,12%
Жамбыл облысы – 48,05%
Жетісу облысы – 58,35%
Қарағанды облысы – 44,76%
Қостанай облысы – 46,21%
Қызылорда облысы – 56,38%
Маңғыстау облысы – 47,51%
Павлодар облысы – 46,83%
Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%
Түркістан облысы – 56,91%
Ұлытау облысы – 43,63%
Шығыс Қазақстан облысы – 54,46%
Алматы қаласы – 25,72%
Шымкент қаласы – 32,74%
Республика бойынша сағат 14:00–де
тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46 %дауыс берді.
Сағат 10-00-дегі мәлімет бойынша дауыс беруушілер саны 12,31% болған еді.



