
Алматыдағы Бостандық ауданында өткен түні жер үй өртеніп, салдарынан 5 адам қазаға ұшырады.
Олардың біреуі – кәмелетке толмаған бала деп жазды жергілікті басылымдар.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы суыт хабар 26 қараша күні сағат 3:44 кезінде түскен.
Арада төрт минут өткенде төтенше қызмет бөлімшесі оқиға орнына жеткенде үйдің тұтас жалындап жатқанын көрген.
Өрт сағат 4:42 шамасында сөндірілген. Полиция бес адамның қазасына себеп болған оқиғаның мән-жайы анықтау үшін тергеу амалдарын бастаған.
Азаттық радиосы



