Заң үстемдігі

Түркістанда бас дәрігер өлім аузындағы науқастарға оттегі беретін аппаратты саудаға салған

Түркістан облысында медициналық жабдық сатып алуға бөлінген 117 млн теңгені жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер науқастарды оттегімен қамтамасыз етуге арналған жабдықты сатып алу кезінде заңсыз схема ұйымдастырған.

Медициналық кешенді бірнеше бөлек тауарға бөліп, өздеріне бағынышты компаниялар арқылы нарықтық бағадан қымбатқа сатып алған. Ал жабдықты жеткізу және орнату жұмыстарын басқа ұйым атқарған. Сот бұрынғы бас дәрігерді 8 жылға, кәсіпкерді 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Елордадағы пәтер мен 2 автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button