Оқиға

Қарағанды циркінде акробат биіктіктен құлап кетті

Қарағанды циркінде қойылым кезінде акробат шамамен бес метр биіктіктен құлап кетті. Оқиға көрермендердің көз алдында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, гимнаст цирк аренасында акробатикалық жаттығу орындап жатқанда тепе-теңдігін жоғалтып, шамамен бес метр биіктіктен құлаған. Ол қойылым кезінде сақтандыру құралын пайдаланбаған.

Оқиға көрермендердің көз алдында болған. Куәгерлер акробаттың құлаған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады. Оқиғадан кейін жүргізуші көрермендерге акробатты дәрігерлер тексергенін және оның жағдайы жақсы екенін хабарлаған. Осыдан соң цирк қойылымы жалғасқан.

Әзірге акробаттың жарақат алған-алмағаны және оқиғаның нақты мән-жайы туралы қосымша ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button