Әлем

Қырғызстандағы президент сайлауы: 11 адам үміткер болып тіркелді

Қырғызстанда президент сайлауына үміткерлерді ұсыну аяқталды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 11 адам өтініш берген. Олардың арасында қазіргі президент Садыр Жапаров, бұрынғы депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер бар.

Енді үміткерлер 8 желтоқсанға дейін қол жинау парақтарын тапсырып, тиісті тексерулерден өтуі тиіс.

Кандидаттарды тіркеу 23-ші желтоқсанда аяқталады. Сол күні сайлауалды үгіт-насихат басталып, келесі жылдың 26 қаңтарына дейін жалғасады.
Ал президент сайлауы 27 қаңтарға белгіленген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button