Әлем
Тренд

Абу-Дабиде Украина мен Ресей арасында келіссөздер өтіп жатыр

Абу-Дабиде Украина мен Ресей делегациялары АҚШ өкілдерінің қатысуымен келіссөз өтіп жатыр.

Бұл – ақпаннан бергі Вашингтонның арағайындығымен ұйымдастырылған алғашқы кездесу. АҚШ тарапы соғысты тоқтату жолында ортақ шешімге жақындауға мүмкіндік бар деп есептейді. Украина қауіпсіздік кепілдіктерін талап етсе, Ресей алдымен Еуропадағы қауіпсіздік мәселелерін талқылауды ұсынып отыр. Мәскеу дереу атысты тоқтатуға келіспейтінін мәлімдеді. Ал Еуропа елдері келіссөзге қатысуға ниетті. Тараптардың ұстанымында әлі де айырмашылық бар. Екі күнге жоспарланған кездесудің нақты нәтижесі әзірге белгісіз.

Тараптардың мәліметінше, кездесудің алғашқы күні нәтижесі жаман емес. Украина президенті Зеленскийдің мәліметінше, Әбу-Дабидегі үшжақты келіссөздің бірінші күнін «конструктивті әрі барынша мазмұнды болған. Қауіпсіздік кепілі мен тұтқын алмасу мәселесі талқыланған.

«Гуманитарлық қадамдардың керектігін және мүмкіндіктерін талқылап үлгердік. Тұтқындарды босату – басымдыққа ие мәселе. Украинаға қажетті қауіпсіздік кепілінің мазмұнын да айттық» деп жазды ол.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button