Қоғам
«Туристер автобустан түсуге қорқады»: журналист Қорғас бекетіндегі таксистердің жабайылығын айты
Түскен адамды көліктеріне күштеп сүйреп, бірнешеуінің киімін, сөмкелерін жыртып жіберді.

Қытайдан Қорғас бекеті арқылы өтіп келдім бүгін.
Жаркент автовокзалына тоқтайды екенбіз.
Қазақстанға келген автобус автовокзалдың алдына келіп тоқтағанда қорқынышты екен. Анау зомби туралы кионалар болушы еді ғой. Тура сол сияқты.
Таксистер автобусты қоршап қаумалап жүгіргенде қазір аударып тастай ма дедім.
Келген туристер автобустан түсуге қорқып отырады екен. Таксистер тіпті мәдениет демей-ақ қояйық, сәл де болсын қымсыну да жоқ. Айғай-шу, боқтық, күлкі-мазақ, клиентке талас.
Салонға кіріп кетіп, сумкаларынан тартып жұлқылалап жатыр. Түскен адамды көліктеріне күштеп сүйреп, бірнешеуінің киімін, сөмкелерін жыртып жіберді.
Қазақстан үшін ұялдым.
Журналист Дарын Нұрсапардың facebook парақшасынан



