Әлем

Армения ҰҚШҰ-да дауыс беру құқығынан айырылды

Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында дауыс беру және басшылық қызметтерге өз өкілдерін ұсыну құқығынан айырылды.

Мұндай шешім ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қабылданған. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Ереван бірнеше жылдан бері ұйым алдындағы міндеттемелерін орындамаған.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Арменияның екі жылдан астам уақыт бойы мүшелік жарна төлемегенін хабарлады. Шектеулер берешек толық өтелгенге дейін сақталады. Алайда Арменияның ұжымдық қауіпсіздікке қатысты негізгі құқықтары күшінде қалады. 

Армения Таулы Қарабақ қақтығысы кезінде Әзербайжанмен соғысып, бұл қақтығыста Ресейден және ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұраған. Бірақ ҰҚШҰ тарапынан Ереванға көмек болмаған еді. Осыдан кейін Армения ҰҚШҰ-ны өз міндеттемелерін орындамады деп айыптады. Ресми Ереван кейінгі кезде ҰҚШҰ жиындарына қатыспады. Бұл әскери ұйымға Армения, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мүше.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button