Қоғам
Тренд

Непал мен Қытай шекарасында селден жоғалған Қазақстан азаматтарының бірі табылды -СІМ

Екі адамның тағдыры әлі белгісіз.

Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданында табиғи апаттан зардап шеккен аймақта қалған үш азаматтың бірі табылды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұған дейін хабар-ошарсыз кетті делінген үш туристің біреуімен байланыс орнаған.

«Оның апат болған аймаққа бармағаны анықталып, қазір Қазақстанда екені белгілі болды.

Ал қалған екі азаматтың қайда екені әзірге белгісіз. Олардың туыстары ДНҚ сараптамасы үшін биологиялық материал тапсырған.

Непалда іздеу-құтқару жұмыстары 5 қазанда аяқталған. Ал Қытайдың Тибет аймағында іздеу және мәйіттерді анықтау жұмыстары әлі жалғасуда. Қытай тарапы генетикалық сараптамалар жүргізіп жатыр.

Дипломаттар жоғалған азаматтардың туыстарымен байланыста, қажетті көмек көрсетілуде», — делінген хабарламада.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button