Ресейде мемлекеттік дума сайлауы өтіп жатыр
Мемлекеттік дума сайлауына 10 партия қатысып жатыр.

Ресейде мемлекеттік дума сайлауы өтіп жатыр. Дума депутаттарын сайлау үш күнге созылады.
Сайлау бір мезетте 39 аймақта өтеді, оған қоса 8 аймақ басшылары сайланады. Украинамен шекаралас кейбір аймақтарда дауыс беру мерзімінен бұрын басталды.
Жұма күні таңертең сайлаушыларды учаскеге топтап жеткізу жөнінде хабар пайда болды. Түмен облысында дәріханаларға йод пен зеленканы көп мөлшерде сатпауға ұсыныс берген. 2024 жылы президент сайлауы кезінде кейбір сайлаушылар қарсылық белгісі ретінде дауыс беру жәшігіне зеленка мен өзге де сұйықтықтарды шашқан еді. Сол кезде кемінде 16 қылмыстық іс қозғалған.
Мемлекеттік дума сайлауына 10 партия қатысып жатыр. Жалпы 450 депутаттық мандат үлестірілмек: 225 – партиялық тізім бойынша, 225 бір мандаттық округ бойынша.
Сайлауға дейін Жоғарғы сот соғысқа қарсы шыққан жалғыз саяси ұйым «Яблоко» партиясын сайлаудан шеттеткен. Ресейлік оппозициялық ұйымдар дауыс берудің түрлі стратегиясын ұсынып жатыр. Жемқорлықпен күрес қоры «Единая Россиядан» бөлек басқа кез келген партияға дауыс беруге шақырды. «Яблоко» партиялық тізім бойынша бюллетеньдерді жарамсыз қылуды ұсынды. Еркін Ресей форумы сайлауға бойкот жариялауға шақырды.
Ресейдің соғысқа қарсы комитеті сайлаушыларға қандай да бір әдісті ұсынудан бас тартты.
Дерек көзі: Азаттық радиосы



