Әлем

АҚШ президентінің арнайы өкілдері Путинмен жабық есік жағжайында кездесу өткізді

АҚШ президентінің арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Кремльде Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтату бойынша келіссөз жүргізді.

Кремльдегі жабық есік жағдайында өткен кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылған.

Ақ үй өкілінің мәлімдеуінше, келіссөздерде Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған Трамп жоспары аясындағы келесі қадамдар талқыланған.   АҚШ делегациясының құрамында Ұлттық қауіпсіздік кеңесі, Қаржы министрлігі және Мемлекеттік департамент өкілдері де болған. Кездесуде қақтығысты реттеу жөніндегі нақты бастамалар қарастырылған.

Ақ үй Вашингтон тараптардың алдағы қадамдарын жақын апталарда жариялауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Сонымен қатар АҚШ делегациясы жексенбі күні Украинада да осындай нәтижелі кездесулер өтеді деп күтетінін мәлімдеді.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, кездесу барысында АҚШ өкілдері соғыс қимылдарын мүмкіндігінше тезірек тоқтатуға мүдделі екенін білдірген. Сонымен қатар АҚШ өкілдері Украинадағы қақтығысты реттеудің ықтимал жолдарына қатысты бірқатар ұсыныс пен пікір білдірген. Ушаков бұл мәселелердің кездесуде талқыланғанын хабарлады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button