
Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде қаралады.
Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте айтты. Қазіргі таңда бұл бойынша тиісті есептеулер жүргізіліп жатыр.
Журналистер вице-министрден алдағы үш жылда ең төменгі жалақы қазіргі 85 мың теңге деңгейінде қала ма әлде бұған дейін айтылғандай, Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеріле ме деп сұраған еді.
«Негізінен есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылаймыз. Қандай шешім қабылданғанын айтамыз», – деді Азамат Әмрин.
Өз кезегінде Құрылтай депутаты Татьяна Савельева 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының бірінші оқылымы 14 қазанда өтетінін айтты.
Оның сөзінше, бірінші оқылымға дейін бюджеттің негізгі параметрлері, оның ішінде кірістер мен шығыстар қаралады. Ал 14 қазаннан кейін салыстырмалы кестелерді талқылау жоспарланған.
«Құрылтай депутаттары ең төменгі жалақыға қатысты мәселені көтеріп жатыр. Оны 14 қазаннан кейін қарайтын боламыз», – деді Татьяна Савельева.



