Қазақстанда бизнеске арналған дауыстық AI-ассистент іске қосылды

Freedom Bank Қазақстан кәсіпкерлері үшін жаңа цифрлық құрал – Freedom AI дауыстық ассистентін ұсынды. Енді бұл функция Freedom Business қосымшасында қолжетімді.

Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бұл жүйе кәсіпкерлерге уақыт үнемдеуге және күнделікті операцияларды жеңілдетуге көмектеседі. Ассистент қазақ және орыс тілдерінде 119 түрлі команданы орындай алады.

Ол арқылы дауыспен:

  • шоттар арасында ақша аударуға,
  • депозитті толықтыруға немесе шешіп алуға,
  • салық пен несиені төлеуге,
  • қызметкерлерге жалақы аударуға,
  • шот-фактура жасауға болады.
Қазақстанда бизнеске арналған дауыстық AI-ассистент іске қосылды
Фото: Андрей Пачевский

AI-ассистенттің ерекше тұсы — ол Freedom Bank басшысы Тимур Турловтың дауысымен сөйлейді.

Сонымен қатар банк Қазақстандағы барлық кәсіпкерлерге ChatGPT-ке тегін қол жеткізу мүмкіндігін ашты. Бұл кәсіпкерлерге бизнес процестерді оңтайландыруға, қаржылық шешімдерді модельдеуге және маркетингтік идеяларды талдауға мүмкіндік береді.

Банк өкілдерінің айтуынша, Freedom AI – толықтай банктің деректерді өңдеу орталығының қорғалған инфрақұрылымына интеграцияланған, яғни клиент деректері қауіпсіз сақталады.

Келесі жылы Freedom Bank жеке тұлғаларға арналған Freedom SuperApp арқылы да осы қызметті пайдалануға мүмкіндік бермек. Сол кезде AI-ассистент арқылы тек банктік операцияларды ғана емес, мысалы, билет сатып алу, сақтандыру рәсімдеу, азық-түлікке тапсырыс беру сияқты әрекеттерді дауыспен орындауға болады.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―