«Екі-үш апта қалды»: Жеңіс Қасымбек LRT-ның жақында іске қосылатынын айтты

Астана әкімі елордадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі жақын апталарда іске қосылуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, нақты ашылу күні әлі белгіленбеген, алайда алдын ала 2–3 апта ішінде іске қосу жоспарланып отыр. Жоба алдында қысқаша баспасөз туры ұйымдастырылады. Әкімнің сөзінше, барлық сынақтар сәтті өткен.
«Қазір 18 пойыз толық дайын, қозғалыс интервалы шамамен 3,5 минут болады. LRT жылдамдығы басқа қоғамдық көліктерге қарағанда екі есе жоғары деп бағалануда. Негізгі станциялар да дайын, олардың қатарында «Абу-Даби Плаза», «Ботаникалық бақ», «Астана Арена», Mega, әуежай және жаңа вокзал бар. Қазіргі уақытта станциялар маңындағы аумақтарды абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жаздың соңына дейін жаяу жүргіншілерге қолайлы инфрақұрылым толық аяқталады», — дейді әкім.
Сонымен қатар ол LRT-ның қысқы жұмыс режимі де тексерілгенін, алдағы маусымға арнайы техника толық дайын болатынын айтты.
@zhaniya_urankayeva Аким Астаны Женис Касымбек заявил, что полноценный запуск LRT в столице состоится через 2 недели, то есть в первых числах мая. Он сообщил, что сейчас идет активная фаза доработки станции и подъездных путей к ним. Проехать от начала до любой станции на LRT астанчане и гости города смогут за 200 тенге. #казахстан #астана #lrt #транспорт #новости ♬ оригинальный звук — Жания Уранкаева



