Қоғам

Нәресте сатқандар ұсталды

Кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топ ұсталды.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов өзінің instagram парақшасында хабарлады.

«28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды», – деді полиция департаментінің бастығы.

Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button