Экономика
«7-19-10»: Жеңілдетілген ипотека беру ережелері өзгерді

Елімізде жеңілдетілген ипотека беру ережелері өзгерді. Жаңа талаптар 2026 жылғы 12 наурыздан, яғни бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды tiek.kz.
Енді жеңілдетілген ипотека жылдық 7% мөлшерлемемен беріледі. Сонымен қатар несиенің ең ұзақ мерзімі 20 жылдан 19 жылға дейін қысқартылды.
Тағы бір өзгеріс – алғашқы жарна кемінде 10% болуы тиіс. Бұған қоса, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жеңілдетілген несие беру және коммуналдық тұрғын үйді бөлу тәртібі де қайта қаралды.
Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын тиімдірек етуге және баспананы бөлу процесін ашық етуге бағытталған.



