Киелі киікпен келген күйік
Киік – біздің ұлттық байлығымыз. Алайда бұл шаруалар үшін үлкен мұңға айналып барады.

Желіде торғайлық шаруа әрі блогер Дәлел Жүзбаевтың Қостанай даласына киік келіп жатқаны туралы видеосы жарияланды, деп хабарлайды tiek.kz.
Жазбадан көкжиекке дейін созылған киік үйірін көруге болады. Автор бұл көріністі әлбетте «табиғаттың ғажайыбы» және «қазақ даласының баға жетпес байлығы» ретінде сипаттайды. Айтуынша, киік саны да жылдағыдан көп өскен.
Алайда кәсіпкердің «Киік қуу» деген бұл видеосы желіде қызу талқыланды. Бір тарап киіктердің көбейгеніне қуанса, екінші тарап (фермерлер мен ауыл тұрғындары) киіктердің егістік таптап, жайылымдарды құртып жатқанына, бұл фермерлер үшін үлкен шығын екеніне назар аударады. Видео авторы олардың миграциялық жолдарының егіс алқаптарымен түйісуі үлкен проблема болып отырғанын айтқан.
Жалпы соңғы жылдары елімізде киік мәселесі күрделі болып тұр. Әсіресе, Қостанай облысында (әсіресе Амангелді, Жангелді аудандарында) киіктердің Бетпақдала популяциясы шоғырланған, олардың саны соңғы жылдары рекордтық деңгейге жетті. Ақмола өңірінде де жағдай мәз емес.
Мәселенің екі жағы
Әлбетте киік санының өсуі – еліміздің экологиялық жетістігі ретінде бағаланады. Экологтар мен қорғаушылардың уәжі бойынша, киік – біздің ұлттық байлығымыз. Киік дала экожүйесінің бір бөлшегі. Олар 2000-шыжылдардың басында жойылудың аз-ақ алдында тұрды. Оның үстіне жануарларды қорғау, киік популяциясын қалпына келтіру секілді мемлекеттің мойнына алған халықаралық және табиғи міндеттемесі тағы бар. Осы мақсатта ел қазынасынан қыруар қаржы бөлінеді.
Алайда бұл шаруалар үшін үлкен мұңға айналып барады. Ауылшаруашылығы алқаптарының тапталуы, өнімнің жойылуы және жұқпалы аурулардың таралу қаупі сынды нақты проблема туындап отыр. Бұл – адамдардың нәпақасы мен мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. «Киік қуу маусымы» деген сөздің өзі шаруалардың қаншалықты тығырыққа тірелгенін көрсеткендей. Бірақ шаруалардың «киіктің саны өскені жақсы, бірақ біздің шығынымызға кім жауап береді?» деп сауалы әлі ашық күйінде қалып отыр.
Айтуларынша, киік санын бақылап сақтау мақсатында елімізде «Охотзоопром», «Сапсан» тобы және арнайы аймақтық басқармалар (инспекциялар) құрылған. Бірақ басқармалардың жұмысы дұрыс жүйеленбеген.
«Киіктер егістіктерде емес, арнайы резерваттарда жүруі керек. Бұл бұл саладағы жұмыстың әлі жүйеленбей отырғанын көрсетеді дейді», — шаруалар.
Айтуларынша, мұның шешімі бар. Ол үшін мемлекеттік деңгейдегі сауатты басқару жүйесін енгізу керек. Алдымен резерваттардағы суландыру жүйесін реттеу керек. Сонда киіктер су іздеп, ауылдар мен егістіктерге келмейтін болады. Киік миграциясын ғылыми тұрғыда қайта зерттеп, егістік алқаптарын қорғайтын буферлік аймақтар құру. Сонда ғана біз халықтың мүддесі мен табиғатты қорғау ісін үйлестіре аламыз. Сол секілді шаруаларға тигізген шығыны үшін нақты өтемақы тетіктерін енгізу», — кеерк дейді шаруалар.
Фермерлердің талабы: Қостанайлық аграршылар үкіметтен егістік алқаптарында киіктерді атуға рұқсат беруді немесе келтірілген шығынды өтеуді (сақтандыру) сұрап отыр.
Кейбір шаруашылықтар киіктердің кесірінен егін алқаптарының 30%-на дейін қысқартуға мәжбүр екенін айтады. Былтыр Торғай өңіріндегі көптеген фермерлер егіні тапталғандықтан, тіпті ораққа шықпай қалған.
Оның үстіне Экология министрлігі биылғы мамыр айындағы төлдеуден кейін киік саны 7 миллионға жетуі мүмкін деп болжап отыр (қазіргі саны 4 миллионға жуық).
Батыста төтенше жағдай
Батыс Қазақстанда киік қырылып жатыр. (Казталов ауданы) Сарыөзен өзенінің маңынан 1600-ден астам киік өлексесі табылды деген ақпарат шықты. «Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, Құрманғазы ауданының кейбір аумақтары өлексеге толып кеткен. « Далада жүру мүмкін емес, барлық жердекиіктің өлексесі жатыр. Олардыөртеп немесе көмбесе, түрлі аурулар таралуы мүмкін. Біз бұл жағдай малға зиянынтигізе ме деп қорқамыз», – дейді шаруалар. Бүгі нге дейін 800-ден астам өлексе жиналған.Қазіргі уақытта ұшалар өртеліп, жерге көміліп жатыр. Жою жұмыстарына «Охотзоопром»,Ақжайық қорығы, аумақтық инспекция және жергілікті әкімдік мамандары тартылған.Шаруал ар жануарлардың қырылуына кене себепболуы мүмкін екенін айтады. Бұл жағдай расталса, кене қорадағы малға да жұғуы мүмкін деп қорқып отыр. Алайда облыстық орман шаруашылығы және жануарлардүниесі аумақтық инспекциясы кенеге қатысты болжамды жоққа шығарды.«Киіктер кене шаққаннан емес, табиғи түрдеөліп жатыр. Жануарларқыстан кейін әлсіреп қалуы мүмкін. Жалпы киіктердің өмір сүру ұзақтығы 7-8жыл», — деп мәлімдеді бас маман Мереке Шалхаров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



