Мәдениет
Тренд

Әнші Баян Сұлу сазгерін сотқа сүйреп жатыр

Композитордың айтуынша, өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбеген, ал мәселені заңды түрде шешуге тырысқан сәтте, керісінше сотқа шақырту алған.

Желіде сазгер Қуат Әбіловтің бейне үндеуі тарап жатыр. Өз жазбасында сазгер жас әнші Баян Сұлу (BAYAN SULU) тарапынан қысым көріп, сотқа тартылып жатқанын айтқан, деп хабарлайды tiek.kz.

Үндеуден түсінгеніміз, Баян Сұлуды танымал еткен әндердің көбін Қуат Әбілов жазған. Композитордың айтуынша, өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбеген, ал мәселені заңды түрде шешуге тырысқан сәтте, керісінше сотқа шақырту алған. Оны бере алмаған соң сазгер шағым түсіріп,  өзінің әніне түсірілген Баянсұлудың клиптерін түрлі платформалардан өшіртіп тастаған. Қазір осыған байланысты үлкен дау болып жатыр.

«Баянсұлу деген әнші қыздарыңызға бес ән жазған автормын. Басында келгенде қыздарыңыз басқаша еді. Баянсұлудың ол кезде аты жоқ, танылмаған.  «Мені хит қылсаңыз болды, аға! Маған ешқандай да ақшаның қажеті жоқ» деп келген еді.

Қолымнан келгенше жұмыс жасадым. Бес бірдей ән жаздым. Ең жақсы деген әндерімді бердім. Олардың барлығы да хит болып кетті.

Бірақ автор ретінде маған ешқандай да қаламақы төленбеді. Тегін жұмыс жасадым. Ақырында өзіме қысым жасауға көшті. Адам салды, таныстары қоңырау шалды.  «Тоқта», «қой» деп көндіруге тырысты. Болмаған соң әндерімді орындауға тыйым салдым. Ақыр соңында мені сотқа шақыртып отыр», —  дейді автор.

Бұл оқиғаға қатысты Әнші Баянсұлу Сағындықованың дапікір білдіргенін байқадық.

Әнші өзінің ресми телеграм арнасында жанкүйерлеріне үндеу жасап, жақын арада оқиғаның мән-жайын толық түсіндіретінін жеткізді. Баянсұлудың айтуынша, ол осы уақытқа дейін жағдайды ушықтырмауға тырысқан.

«Барлығыңызға сәлем. Сіздер де көріп жатқан шығарсыздар. Адам баласына зияным тимесін деп өзімді барынша ұстап едім, бірақ маған басқа амал қалдырмады. Барлық шындықтың бетін ашатын кез келді. Менен жауап күтіңіздер», – деп жазыпты әнші.

Бірақ нақты ештеңені түсіндірмеген.

BAYAN SULU жақында ғана продюсерімен жұмыс істеуді тоқтатқанын мәлімдеген еді. Әнші «Ауа райы», «Сондайым бар енді», «Ұмытсам да» сынды (авторы Қуат Әбілов) танымал әндері арқылы көпшілікке кеңінен танылған болатын.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button