Қоғам
Тренд

«Байдың балалары полицияның бетіне келіп түкіреді»: белгілі заңгер ішкі істер саласындағы былықтың бетін ашты

Бұл шындықты полиция қызметкерлері өздері айта алмайды. Айтса - бала-шағасын асырап отырған айлығынан айырылып қалады.

Ақты ақ, қараны қара деп айтатын уақыт жетті, жігіттер!
Әйтпесе үнемі «полиция кінәлі» деген қара таңба маңдайларыңнан өшпейді.
Алматыдағы жол-көлік оқиғасына байланысты жатып алып полицияны кінәлап жатқандарды оқып отырып, күлкім келді.
Мың министрді алып тастап, полицияның ішін миллион рет тазаласаңдар да, отыз жыл бойы қалыптасқан жүйе өзгермей, өзгеріс болмайды.
Тек адам өлгенде ойбайлап, хайп жинамай, шынымен күрескіш болсаңдар, анау жоғарыда отырып «звондайтындардан» бастаңдар!
Бір айна үшін Денис Тен қаза тапқанда да осылай шуладыңдар. Не өзгерді?
Қазір айна ұрлау жай ерунда болып қалды — енді аулаңда тұрған бүтін көлігіңді ұрлап кетеді. Бұл — ұйымдасқан қылмыстық топтардың жұмысы.
Сол топты ұстағысы келген полиция қызметкерлері қайта өздері қамалып кетті. Бізде қылмысты ашқысы келген адамның басына қара бұлт үймелейді.
Сонда бұл елде барлық қылмысты полиция істетіп жатыр ма?
Прокуратура қайда қарап отыр?
Полиция — бұл жерде тек ең төменгі «звено».
Мықты болсаңдар, сол жолда жарысып жүрген байдың балаларының атын атап, түсін түстеп, суретімен шығарыңдар!
Жуас түйе жүндегенге жақсы жақсы деп, айдап келіп полицияны төбелей бергеннен ештеңе өзгермейді.
Бұл — сыбайлас жемқорлыққа батқан жүйе. Ал сол жүйенің ең лас жұмысын полиция орындап отыр !
Мен бұл жерде полицияны ақтау үшін жазып отырған жоқпын. Менің де полиция қызметкерлері басымнан сипаған емес. Бірақ туралығын айтуым керек бұлар жәй бұйрық орындаушылар!
Полицияның ішінде де жоғарыдағы «көкелеріне» сеніп отырғандар толып жатыр.
Тіпті кейбірі министрге бағынбайды — ақшасы мен жоғарыдағы таныстарына сеніп, талтаңдап жүргендерді орнынан алып тастаңдар, шамаларың жетсе!
«Менің балам ішіп алып тентектік жасап қойды. Орныңда қалғың келсе, білдірмей жауып жібер» деген звоноктар тоқтамай, бұл беспредел де тоқтамайды.
Қай полицей адал жұмыс істегісі келмейді дейсіңдер?
Жоғарыдан түсетін қоңыраудың айтқанын істемесе — қызметтен кетеді.
Қызметінен айырылғысы келмегендер амалсыз жүйенің құлына айналып, мажорлардың балаларына бас иіуге мәжбүр.
Мажорларды полиция қамағанмен, прокуратура мен соттар ақтап шығарып жібереді.
Оны көрген байдың балалары полицияның бетіне келіп түкіреді. Кейбірі тіпті өз қателігін түсінбей, әкесіне айтып, полиция қызметкерлерін жұмыстан шығартуға дейін барады.
Бұл шындықты полиция қызметкерлері өздері айта алмайды.
Айтса — бала-шағасын асырап отырған айлығынан айырылып қалады.
Сосын «құрсыншы, жалғыз өзім не істей аламын?» деп, бұйрықты орындап жүре береді.
Полицияны тазалай бергеннен ештеңе өзгермейді.
Мықты болсаңдар — жоғарыдан бастаңдар!
Бұл мемлекет ішіп алып көлік айдап, адам өлтірген байдың баласы Үсеновке ештеңе істей алмаған.
Әрі қарай да ештеңе істей алмайсыңдар!
Себебі полиция қамағанмен — прокуратура мен сот шығарып жібереді.
Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button