Оқиға
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Ақтөбе-Атырау тасжолында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам көз жұмды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «ВАЗ» және «DAF» маркалы көліктер соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған.
Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.



