Денсаулық
Тренд

Алматыда Африкаға барып келген әйелден қауіпті вирус анықталды

Егер емдеу шаралары дер кезінде жасалмаса, ол ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Алматыда 2026 жылдың басынан бері безгектің (малярия) алғашқы жағдайы тіркелді.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, қауіпті дерт Африкадан оралған әйелден анықталған.

Безгек — аса қауіпті жұқпалы ауру. Егер емдеу шаралары дер кезінде жасалмаса, ол ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Қазақстанда безгектің ошағы жоқ. Бірақ соған қарамастан, ауру жұқтырғандар саны жиілеп отыр. Соңғы бес жыл ішінде елімізде 13 рет безгек жұқтыру дерегі тіркелген. Олардың басым бөлігі — аурудың ең қауіпті саналатын тропикалық түрі.

Эпидемиологиялық зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ауру жұқтырғандардың барлығы дерлік сапар алдында қарапайым сақтық шарасын сақтамаған.

Атап айтқанда:

— Дәрігер кеңесіне жүгінбеген;

— Химиопрофилактикадан (арнайы дәрілерді қабылдау курсынан) өтпеген.

Паразиттік аурулар бойынша ең қауіпті өңірлер:

Африка елдері;

Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері;

Латын Америкасының бірқатар елдері.

Дәл осы аймақтарда безгек, ішек паразитоздары және басқа да тропикалық инфекцияларды жұқтыру қаупі жоғары.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button