Заң үстемдігі
Тренд

Министрліктер үйінің маңайын әжетхана қылып алған қытайлар елден қуылды

Астана орталығында дәрет сындырған шетелдіктерге Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды tiek.kz.

«Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзғандардың кім екенін анықтады. Олар 35 және 49 жастағы шетел азаматтары болып шықты. Олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығып үлгерген. Соған қарамастан кінәлілерге 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Осы факт бойынша ҚР Ішкі істер министрлігі бұл адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін ҚР Сыртқы істер министрлігін хабардар еткен.

Бұған дейін әлеуметтік желі бетінде дәл Астананың қақ төрінде қытай азаматтарының ішіп алып, дәрет сындырып тұрған видеосы тараған еді.  Желі қолданушыларының айтуынша, қытайлар дәрет сындырып тұрған ғимарат Ақорданың маңында орналасқан. Қытайлар бұл ғимаратты жалға алған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button