Оқиға
Абай облысында кафенің қабырғасы құлап, екі адам көз жұмды

Курчатов қаласында салынып жатқан «Арбат» кафесінің ғимаратының бір бөлігі опырылып түсті.
Үйінді астында қарт ерлі-зайыпты көз жұмды. Politico.kz сайтының жазуынша, оқыс оқиға 14 наурыз күні болған.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, құрылыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша, абайсызда екі адамның өліміне әкелген оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.



