Оқиға
Тренд

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде атыс болып, қарауыл басшысы мерт болды

Жамбыл облысында әскери бөлім аумағында ведомстволық күзеттің азаматтық қызметкері оқ жарақатынан көз жұмды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Алдын ала дерек бойынша, оқиға жексенбі күні болған. Шамамен кешкі 19-30 шамасында үшінші күзет бекетінде ведомстволық күзеттің мергені СКС карабинінен абайсызда оқ атқан. Оқ күзет бастығына тиіп, ол ауыр жағдайда Гвардейский кентіндегі әскери госпитальға жеткізілген. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, кешкі 20-18 минут өткенде оның қайтыс болғаны тіркелді.

Мәліметке сәйкес, оқиғаға қатысқан екі адам да Қорғаныс министрлігіне қарасты ведомстволық күзеттің азаматтық, контракт қызметкерлері болған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button