Қоғам
Тренд

Депутаттар Біріккен Араб Әмірліктерінен үй алған шенділердің артын ашуға кірісті

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерінің Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлік сатып алуының заңдылығын тексеру мәселесін көтерді.

Депутаттардың мұндай қадамға баруына Дубайдың атақты Palm Jumeirah аралында орналасқан элиталық Fairmont The Palm резиденциясына Иран зымыраны құлауы түрткі болған. Себебі, бұл кешенде Қазақстан азаматтарына тиесілі 97 пәтер бар деген ақпарат тараған, деп хабарлайды tiek.kz.

Мәжіліс кулуарында Ерлан Саиров Бас прокуратураға ресми депутаттық сауал жолдап, бұрынғы шенеуніктердің шетелдегі мүліктеріге құқықтық баға беруді сұрайтынын айтты.

«Моральдық тұрғыдан бұл дұрыс емес, тіпті еліміздің халқына қатысты әділетсіз. Біз құқықтық тұрғыдан нақты баға алуымыз керек: бұл баспаналар қандай қаражатқа сатып алынған және бұрынғы мемлекеттік қызметшілердің шетелде осындай активтерге иелік етуге құқығы болды ма», — деді депутат.

Сайыров Дубайда пәтері бар шенеуніктердің шетелден үй алып, тұрып жатуын адамшылыққа жат деп есептейтінін айтты.

«Елді басқарып, қазір басқа елде тұруы – адамшылыққа жат. Бұл ол адамдардың елімізге, халқымызға шынайы болмағанын көрсетеді. Бұл дұрыс емес», – Ерлан Сайыров.

Сол секілді депутаты Бақытжан Базарбек те шенеуніктердің Дубайдан сатып алған мүліктің қандай ақшаға алынып жатқанын анықтау мәселесін көтерді.

«Мәселе – Дубайдағы пәтердің өзінде емес. Қазақстандықтарды мазалайтын сұрақ – бұл мүлікті олар қалай алды? Біздің елде көпшілік қарапайым пәтер ала алмай жүр. Ал Дубайдағы пәтерлердің бағасы өте жоғары. Сондықтан кейбір ақпараттарды мемлекеттік органдар растауы тиіс. Егер ресми қорытынды қолыма түссе, бұл мәселе бойынша бірінші болып сөз сөйлейтін адам мен боламын. Активтерді қайтару мәселесінде де алғашқы болып пікір білдіремін, – деді Бақытжан Базарбек.

Оның сөзінше, Дубайдағы пәтерлердің заңды немесе заңсыз алынғанын нақты айту үшін ресми құжаттар қажет.

Бұрынғы шенеуніктер сатып алған пәтерлердің заңды не заңсыз екенін мен қазір растай алмаймын. Мысалы, олар әкім болып жұмыс істеді делік, жалақысы шамамен 1 миллион теңге болды. Ал Дубайдағы пәтердің бағасы 500-800 миллион теңге шамасында. Мұндай мәселені нақты талдау үшін мемлекеттік органдардың ресми құжаттары керек, – деді депутат.

Басқа жаңалықтар

Back to top button