Қоғам

Алматыда оңалту орталығына түскен баланы қорлаған қызметкер қамауға алынды

Алматыда «Феникс» балаларды оңалту орталығының қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды tiek.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

«Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы Алмалы аудандық Полиция басқармасы оңалту орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда. Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», — деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Желіде Алматыдағы орталықта балаларды қинап жатқан видео тараған еді. Онда ол ерекше қажеттілігі бар балалардың қолын қайырып, күш көрсеткені көрінген. Ақпаратты Threads желісінің қолданушысы жариялады. fey4ka лақап атымен танымал қазақстандық блогер Перизаттың жазбасында орталық тәрбиеленушілерін таяқпен ұрғаны, сабақ кезінде аяғынан шалып құлатқаны және күш қолданғаны айтты.

“Орталықта диагнозы бар балаларды жүйелі түрде ұрып-соғады. Бастарынан таяқпен ұрады, жұдырықпен ұрады, қорлық көрсетеді – мұның бәрін ата-аналар өз көздерімен көрді. Біз орталық жұмысын жалғастырып, кінәлілер жазасыз қалып қоя ма деп қорқамыз”, – делінген жазбада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button