Заң үстемдігі

ҰҚК Алматыда халықаралық деңгейде арнайы операция өткізді

Халықаралық есірткі арнасының жолын кесіліп, 8 келі метамфетамин тәркіленген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында халықаралық деңгейде арнайы операция өткізіп, есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды tiek.kz.

Операция шетелдік әріптестермен бірлесіп өткізілген. Нәтижесінде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келген халықаралық есірткі арнасының жолын кесілді. Күдіктіден шамамен 8 келі метамфетамин тәркіленген.

Сонымен қатар, синтетикалық есірткінің ірі партиясын алмақ болған Қазақстан азаматы ұсталды.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button