Заң үстемдігі
Тренд

Атырау облысындағы трагедия: күйеу баласы ғана емес қызы да күдікті болып шықты

Атыраудағы елдің назарындағы ерлі-зайыптының өліміне байланысты күйеу баласы ғана емес, қызы да күдікті болып шықты, деп хабарлайды tiek.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

«Күдіктілер Ломбок аралындағы Сенару ауылынан табылған. Қазіргі таңда оны Қазақстанға қайтару, яғни депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда», — деп атап өтті ол.

Қазақстан бұл істе халықаралық Интерпол қызметіне жүгінген.

Бұған дейін олардың Индонезияда ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

“Қазақстан ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесіп, Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды қолға түсірген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша айып тағылып отыр”, – деп мәлімдеді министрлік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button